Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Германияда биологиялық теракт дайындаған Тунис азаматы 10 жылға түрмеге қамалды

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз. Дюссельдорф қаласының соты, 13 500-ге жуық адамның өмірің қиюы  мүмкін биологиялық терактіні жоспарлағаны үшін Тунистің азаматы 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп MIGnews.com хабарлайды.  

Жаппай қырғынды 31 жастағы жиһадшы Сиф Аллах Х. 41 жастағы Ясмин атты неміс әйелімен бірге  жасауды жоспарлаған.

Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар шабуылды рицин уын пайдаланып жасауды 2017 жылдың қыркүйегінде жоспарлай бастаған.Сондай-ақ, Сиф ИМ (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) қолдайтыны және Сириядағы содыр ретінде олардың қатарына қосылуға екі рет тырысқаны белгілі болды.

Интернетте ол биологиялық қару жасау үшін компоненттерге тапсырыс берді.

Шабуылдың мақсаты исламды қабылдамағандарды өлтіру болды.

Билік Кельн-Хорвейлердегі ерлі-зайыптылардың пәтерінде жоспарланған биологиялық қарудың компоненттерін тәркіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *