Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мәскеу облысының полиция қызметкерлері 6,5 кг жуық қарасора тәркіледі

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз. Мәскеу облысы бойынша Ресей ІІМ ББ есірткі айналымын бақылау басқармасының қызметкерлері Ленинск ауданы бойынша Ресей ІІМБ әріптестерімен бірлесіп «Гром» арнайы мақсаттағы жасағының қолдауымен есірткі затын өткізбек деген күдікпен Одинцово қаласының 28 жасар тұрғынын ұстады, деп хабарлайды МВД Медиа сайты.

Алынған жедел ақпаратты пысықтау кезінде полиция қызметкерлері қарасораны өсіру үшін қаскүнем Боброво ауылында үйді жалға алғанын анықтады. Үйдің ішінде жедел топ құрамында есірткі бар 23 бұталы өсімдікті, орама мен полиэтилен пакеттерді, сондай-ақ есірткі өндіруге арналған құрал-жабдықтарды, құрал-саймандарды және сұйықтықтарды тауып, тәркіледі. Химиялық зерттеу нәтижелері бойынша пакеттердегі зат – марихуана болып табылатыны анықталды. Тәркіленген сораның жалпы салмағы 6,5 килограммды құрады.

Ұсталған азаматқа қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 228.1. бабы бойынша ІІМБ Тергеу басқармасының тергеушісі қылмыстық іс қозғады.  Осы баптың санкциясы ең көп дегенде 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Қолға түскен азаматқа қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *