Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстан әскери күштері кем дегенде «Талибанның» 10 содырын жойды

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз. Ауған күштері елдің оңтүстігіндегі Кандагар провинциясындағы «Талибан» шабуылына қарсы тұрып,  қақтығыс кезінде кем дегенде алты содырын жойды, деп Khaama Press сілтеме жасап АфТАГ хабарлайды.

Арнайы операциялар корпусының мәлімдемесінде жексенбі күні «Талибан» содырлары (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) Кандагардың Маруф аймағында қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасады делінген.

Қауіпсіздік күштері шабуылға жауап беріп, атыс кезінде 6 содырды өлтірді.

Сонымен қатар,  Ауғанстанның артиллериялық бөлімшелері Урузган қаласының шетіндегі жау позицияларына шабуыл жасап, 4 содырдың көзін жойды, делінген хабарламада.

Арнайы операциялар корпусы сонымен қатар, операция барысында қауіпсіздік күштері содырлардың екі баспанасы мен бірнеше қару-жарақ пен оқ-дәрілерді жойғанын хабарлады.

Үкіметке қарсы қарулы топтар, соның ішінде «Талибан» қозғалысы бұл оқиғаға әлі түсінік берген жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *