Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Лаңкестік әрекет дайындағаны үшін ұсталған адам екі айға қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 04 сәуір. Ставрополь өлкесіндегі сот Нефтекумскіде ұсталған лаңкесті екі айға қамауға алды. Бұл туралы аймақтың құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап ТАСС хабарлады .

«Жұма күні сот лаңкестік шабуыл жасауды жоспарлағаны үшін ұсталған адамды қамауға алды. Ол екі ай мерзімге қамауға алынды », — деді дереккөз.

Бұған дейін Ресейдің ФҚҚ-нің қоғаммен байланыс орталығы  Ставрополь өлкесінде және Ханты-Мансы автономиялық аймағында лаңкестік шабуылдардың алдын алу туралы хабарлаған болатын. Ставрополь аумағындағы  Нефтекумск қаласында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасауды және азаматтардың жаппай болу объектілеріндегі лаңкестік актілерді жоспарлаған «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған ұйым)  халықаралық лаңкестік ұйымның  мүшелері анықталды.

Аймақтық биліктің мәліметінше, лаңкестерді ұстау операциясы қаладағы көп пәтерлі үйлердің бірінде өтті. Бейбіт тұрғындардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Қылмыскерлердің бірі бейтараптандырылды, екіншісі ұсталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *