Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ИМ содырлары Сирияның Дейр-эз-Зор провинциясында сегіз бейбіт тұрғынды өлтірді

НҰР-СҰЛТАН, 05 сәуір. «Ислам мемлекеті» тобының содырлары  Сирияның солтүстік-шығысындағы Дейр-эз-Зор провинциясында сегіз бейбіт тұрғынды өлтірді. Бұл туралы Surya телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды .

Телеарнаның ақпараты бойынша, содырлар бұл адамдарды Эль-Маедин қаласынан ұрлап әкетіп,  олар үшін төлем алуға тырысқан. Тұтқындар,  ИМ (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) содырлары  жасырылған Сирия шөліндегі Эт-Табни оазисінде ұсталған.

Наурыз айында Сирия армиясының бөлімшелері Дейр-эз-Зор және Хомс провинцияларында Евфраттың шығыс жағалауынан күрд күштері бақылауындағы аудандардан өтіп жатқан лаңкестерге қарсы бірнеше операция өткізді. «Аль-Ахбар» газетінің хабарлауынша, «Ислам мемлекетінің» бандалары жергілікті тұрңындарға шабуыл жасап, азық-түлік, мал мен ақшаны алып кетеді. Олар көбінесе төлем алу үшін өздерімен бірге адамдарды әкетеді.

Сонымен қатар, лаңкестер әскери көлік колонналары жүретін Пальмира мен Дейр-эз-Зор арасындағы тас жолға тосқауыл қояды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *