Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанда жергілікті ДАИШ ұяшығының басшысы ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 05 сәуір. ДАИШ-тің ауғандық бөлімінің бастшысы басқа 19 содырмен бірге қамауға алынды, деп хабарлайды RG.RU ауғандық шенеуніктерге сілтеме жасап.

Елдің бас барлау агенттігінің мәлімдемесінде Аслам Фаруки атымен белгілі Абдулла Оракзай Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік басқармасымен  ұсталды деп хабарланған. Әзірге тұтқындау қай жерде жасалғандығы белгісіз. Фаруки мен басқа содырлар жұма күні ұсталды, деп қосымша ақпарат беруден бас тартқан Ұлттық қауіпсіздік басқармасының өкілі Харис Гибран мәлімдеді.

Фаруки өткен жылдың сәуір айында топтың бұрынғы жетекшісі Абу Омар Хорасанидің орнына келді. ДАИШ басшылығы (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) 2018 жылдың соңында Нангархар провинциясында «нашар жұмысы» үшін және топ қызметіндегі жаңылыстар үшін Хорасаниді қызметінен босатылды.

Фарукидің тұтқындалуы ДАИШ-ке жасалған соңғы соққы болды: 2019 жылдың соңында оның 300-ге жуық содырлары Ауғанстан үкіметіне берілді. Американдықтардың ұдайы әуе соққысы, қауіпсіздік күштері жүргізген операциялар және жергілікті ДАИШ ұяшықтары  мен «Талибан» (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) арасындағы әскери әрекеттер исламистердің берілуіне әкелді. Бұл туралы АҚШ әскери күштерінің  қаңтардағы баяндамасында мәлімделген.

Алайда жергілікті ДАИШ ұяшығы бүкіл елде резонанстық шабуылдарды жалғастыруда. Жергілікті барлау қызметінің ақпаратына сәйкес, жақында Кабулда болған лаңкестік шабуылды Фаруки ұйымдастырған. 25 наурызда Сикх ғибадатханасына жасалған шабуылда 25 адам қаза тапты. Бұл шабуыл содырлар елдегі ең ірі АҚШ базасы және Америка бастаған коалиция үшін негізгі транзиттік пункт болып табылатын Баграм аэродромында миномет ашқаннан бір аптадан кейін болды. Коалиция өкілдері мен жергілікті шенеуніктердің айтуынша, содырлар базаға зиян тигізбестен жойылды.

Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі бас инспектордың соңғы мәліметтеріне сәйкес, бұл елде 2000-нан 2500-ге дейін ДАИШ содырлары әрекет етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *