Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Малидің солтүстігінде содырлардың шабуылынан жиырма бес әскери қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 07 сәуір. Бамакодан келіп түскен мәліметтерге сәйкес, дүйсенбі күні елдің солтүстігіндегі Гао аймағындағы Мали армиясының лагеріне шабуыл жасалды, салдарынан  25 әскери қызметкер қаза тапты, деп Мали қарулы күштерінің мәлімдемесіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды.

Мали армиясының мәлімдемесінде бір топ белгісіз содырлар 6 сәуір күні таңертең Гао аймағындағы әскери лагерьге шабуыл жасап, 25 сарбазды өлтіріп, 6 адамды жаралағаны айтылды. Атыс кезінде 10-нан астам содыр жойылды.

Малидегі тұрақтандыру жөніндегі БҰҰ Көпбейінді кешенді миссиясының (MINUSMA) басшысы Махамат Салех Аннадиф дүйсенбі күні кешке болған шабуылды қатаң түрде айыптап, MINUSMA Малидің бейбітшілік пен тұрақтылыққа жету жолындағы әрекеттерін қолдайтынын атап өтті .

Әзірге шабуыл үшін жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *