Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Венесуэлада есірткі сатушылардың ұшағы атып түсірілді

НҰР-СҰЛТАН, 08 сәуір. Боливария ұлттық қарулы күштерінің Стратегиялық жедел басқару басқармасы (CEOFANB) есірткінің заңсыз айналымы үшін пайдаланылған ұшақты Сулия штатының әуе кеңістігін пайдалануға әрекет жасаған кезінде атып түсірді, — деп басқарманың Twitter-іне сілтеме жасап  РИА Новости хабарлайды.

«CEOFANB CODAI (кешенді әуе басқармасы — ред.) арқылы өткен түні  егеменді әуе кеңістігін пайдаланбақ болған, есірткі саудасымен айналысатын әуе кемесін анықтады және заң хаттамалары қолданылған соң, Сулиа штатының оңтүстігінде Венесуэла авиациясының әуе кемелерінің көмегімен бейтараптандыруға кірісті», — делінген Twitter-дегі мәлімдемеде.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп картельдер коронавирус кезінде  бұл жағдайды пайдалана алмайтындай етіп Штаттар батыс жарты шарда есірткіге қарсы кең ауқымды операция жүргізіп жатқанын  мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл үшін қосымша кемелер, ұшақтар мен тікұшақтар орналастырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *