Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ШҚО полицейлері ірі көлемде есірткі тәркіледі

ӨСКЕМЕН, 09 сәуір. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы тұрғынының көлігі мен гаражынан есірткі табылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Риддер қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері өткізген арнайы операция барысында заңсыз айналымдағы есірткі тәркіленді.

«37 жастағы ер адамның Volkswagen Passat көлігінен полимерлі пакеттегі өткір иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат табылды. Бұдан бөлек, оның гаражынан дәл осындай зат салынған 5 қорап анықталған. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, бұл кептірілген марихуана болып шықты. Сондай-ақ тінту барысында күдіктіден 200 мың теңге тәркіленген», — делінген ведомство мәліметінде.

Есірткінің жалпы салмағы 43 келіден асады. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткiні өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *