Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қарағанды облысының тұрғындарынан героин мен қару-жарақ тәркіленді

ҚАРАҒАНДЫ, 13 сәуір. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері Жезқазған, Сәтбаев қалаларының тұрғындарынан жарты килограммнан астам героин және қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

11 сәуір күні облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы, Жезқазған қалалық ПБ және Қарағанды облысы бойынша ҰҚК қызметкерлерінің қатысуымен есірткі заттарының алдын алу мақсатында жүргізілген арнайы операция кезінде 32 мен 51 жас аралығындағы Жезқазған және Сәтбаев қаласының төрт тұрғыны ұсталды.

Полиция қызметкерлерімен 32-жастағы Сәтбаев қаласы тұрғынының үйіне жүргізілген тінту жұмыстары барысында 128 полимерлік пакетке оралған ақшыл сұр түсті заттар тәркіленіп, сараптама қорытындысына сәйкес ол жалпы салмағы 500 гр. астам “героин” есірткі затын сонымен қатар 3-дана қару тәркіленді. Сондай-ақ, басқа күдіктілерден жалпы салмағы 70 грамға жуық героин есірткі затымен медициналық препараттар алынды.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297 бабы 3 тармағы “Аса ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды тасымалдау, жөнелту не өткізу” және Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 287 бабы 3 тармағы “Атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру” бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Ұсталған барлық азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *