Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Белгісіз біреулер Мәскеуде бес аурухананы «миналаған»

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір. Жұма күні белгісіз біреуі Мәскеудің бес ауруханасындағы жарылыс қаупі туралы хабарлады. Бұл туралы төтенше жағдайлар қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасаған ТАСС жазады .

«Елордалық бес аурухананың «миналануы» туралы анонимді хабарлама келді. Қазір кинологтар ғимараттарды жарылғыш құрылғылардың бар — жоғына тексеруде», — деді агенттіктің сұхбатшысы.

Мәскеудің бес ауруханасындағы жарылыс қаупі туралы хабарлар расталмаған, деп кейін дереккөз хабарлады.

«Бес аурухананың барлық ғимараттарын кинологтар тексеріп шықты. Жарылғыш заттар табылған жоқ», — деді ақпарат көзі.

8 сәуірде жарылыс қаупіне байланысты Мәскеуде тағы бес аурухана тексерілген.

Ресейдің қалаларында «миналау» толқыны 2019 жылдың қараша айында басталды. Белгісіздер соттарда, мектептерде, сауда орталықтарында, дүкендерде, университеттерде жарылыс қаупі туралы ақпаратты электронды пошта арқылы  жібереді. Бірде-бір жарылыс қауіпі расталмады. Ресейдің ФҚҚ «миналау» туралы мыңдаған жалған хабарламалар келген бес шетелдік ресурстардың бұғатталғандығы туралы хабарлады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *