Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерияда бірнеше ондаған «Боко Харам» содырлары жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір.Кеше Нигерия әскерилері елдің солтүстік-шығысындағы Йобе штатында»Боко харам» экстремистік тобының  бірнеше ондаған содырын жойды. Бұл туралы Нигерияның әскери өкіліне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды.

Нигерияның Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әскери жасақ жақында Йобе штатындағы Гуджба ауданында «Боко харам» содырларымен атысқа түскенін және нәтижесінде топтың ондаған мүшесін өлтіргенін хабарлады. Сол күні кешкісін әскери қызметкерлер сол ауданда қайтадан «Боко харам» содырларымен бетпе-бет кездесті. Екінші атыс  барысында 10 содыр жойылды. Нигерия әскерилері тарапынан  қаза тапқандар мен жараланғандар болған жоқ.

Ресми өкіл сондай-ақ, әскери қызметшілер жақында елдің солтүстігіндегі Кацина штатындағы ауылдың біріне белгісіз топтың шабуылының алдын алып, бірнеше содырды жойғанын мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *