Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерияның солтүстік-батысында содырлардың шабуылынан 47 адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір. Нигерияның солтүстік-батысындағы Кацина штатындағы бірнеше ауылға қарулы содырлар тобы шабуыл жасады, 47 адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.

Штат полициясының мәлімдеуінше, сенбі күні содырлар бір уақытта бірнеше ауылға ұйымдасқан шабуыл жасады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шабуылшылар оқ жаудырып, үйлерді өртеп жіберген.

Бұл аймаққа жексенбі күні сарбаздар мен полиция қызметкерлерінен тұратын қауіпсіздік күштері орналастырылды деп хабарланады. Содырлар  тонау мен адам ұрлау ісіне маманданған қылмыстық топтың мүшелері болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *