Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанның орталығында жол бойындағы бомба жарылысынан екі полиция қызметкері қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір. Сейсенбі күні Ауғанстанның орталығындағы Дайкунди провинциясында жол бойындағы бомба жарылысынан екі полиция қызметкері қаза тауып, тағы үшеуі, оның ішінде жергілікті полиция бастығы, жарақат алды. Бұл туралы провинциялық полиция басшысына сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.

«Бүгін таңертең біз қауіпсіздік жағдайды тексеру үшін Пато ауданына бардық. Алайда, өкінішке орай, біздің автокөлік лаңкестер орнатқан минада жарылды. Салдарынан менің екі әріптесім қаза тапты, тағы үшеуі жарақат алды», — деп жарылыс кезінде жараланған Гулам Сахи Гафори телефон арқылы хабарлады.

Ол шабуыл ұйымдастырғаны үшін «Талибан» қозғалысын (ҚР-да тыйым салынған ұйым) айыптап, «Талибан» лаңкестері»  жанкештілердің  шабуылын және жол бойындағы бомбалардың жарылысын ұйымдастыра отырып, жергілікті бейбіт халықты террорламақ , деп мәлімдеген». Алайда, талибтер әзірге бұл оқиғаға түсініктеме берген жоқ.

Бұл сейсенбі күні танертеннен бері үкімет шенеуніктеріне жасалған екінші шабуыл. Алдыңғы шабуыл нәтижесінде Ауғанстанның шығысындағы Хост провинциясының губернаторының көлігі нысанаға алынды, алты адам жараланды, бірақ губернатор зардап шеккен жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *