Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Йеменде «Аль-Каида» содырларының шабуылынан қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір. сәрсенбі күні  «Аль-Каида» содырлары Йеменнің оңтүстігіндегі Абьян провинциясына шабуыл жасап, бір қауіпсіздік қызметкерін өлтіріп, екіншісін ұрлап әкетті. Бұл туралы жергілікті әкімшіліктегі анонимді дереккөзге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.

Оның айтуынша, «Аль-Каида» (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) тобының, шамамен сегіз  содыры  Абьян провинциясының солтүстік-шығысындағы Лоудар аймағындағы бақылау пунктіне шабуыл жасады».

Шабуыл нәтижесінде қауіпсіздік күштерінің жаңа шақырылған қызметкердің  қаза тапқанын, басқа қауіпсіздік қызметкерінің ұрланып, белгісіз жерге әкетілгенін дереккөз растады.

Оқиға туралы егжей-тегжейлер жария етілген жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *