Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өткен айда Сирия билігіне жиырма жеті содыр берілді

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір. Өткен айда Сирия билігіне АҚШ-тың бақылауындағы Эт-Танф аймағынан 27 содыр берілді. Бұл туралы сәрсенбі күні жасалған Ресей Федерациясы мен Сирияның ведомствоаралық үйлестіру штабының басшыларының бірлескен мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып KazIslam хабарлады .

Содырлар ондаған атыс қаруын, граната атқыштарды және ірі калибрлі,  соның ішінде батыста шығарылған,  пулеметтерді  тапсырды, деп атап өтілген құжатта.

«АҚШ бақылауындағы аймақта әрекет ететін содырлардың иелігінде көптеген қарулардың болуы заңсыз топтарға күшті қолдау көрсетілетінінің дәлелі болып табылады», — делінген хабарламада.

Құжатта АҚШ пен оның одақтастарының Сирия аумағын, сондай-ақ ондағы сириялық босқындар лагерлерін ұстап тұруы қақтығыстың аяқталуын кешіктіріп, елдегі қылмыстық жағдайды ушықтыратыны баса айтылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *