Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Конгода содырлардың шабуылы нәтижесінде 17 адам қаза болды

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір. Конго Демократиялық Республикасының (КДР) шығысындағы Солтүстік Киву провинциясына жұма күні жасалған шабуыл салдарынан 17 адам,  оның ішінде 12 қорықшы қаза болды, деп жазады Синьхуа агенттігі .

Оқиға Вирунга ұлттық саябағында болды. Солтүстік Киву провинциясының әкімшілігі шабуылды айыптады.

Жергілікті биліктің мәлімдемесінде саябақтың 12 күзетшісі шабуылдың құрбаны болғаны айтылған. Сонымен қатар, джип көлігі өртеніп, ішіндегі төрт жолаушы мен жүргізуші қайтыс болды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Вирунга ұлттық паркі — ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы. Соңғы 20 жылдағы қарулы қақтығыстардың салдарынан саябақтың 200-ге жуық қызметкері қайтыс болды.

Соңғы апталарда осы аймақта бірнеше осындай оқиғалар орын алды. Осылайша, наурыз айының басында елідің солтүстік-шығысындағы Итури провинциясының ауылына  содырлардың  шабуылы кезінде 24 адамның қаза болғаны хабарланған.Сондай-ақ, «Бунду диа Конго» экстремистік діни сектасының содырлары Орталық Конго провинциясындағы шенеуніктер мен тұрғылықты емес адамдардың үйлеріне шабуыл жасап, 14 адамды өлтірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *