Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирияның Африн қаласында болған жарылыстан 40 кісі қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір. Сирияның Африн ауданы орталығында бөлшектеуші террористік ұйымдар YPG/PKK-ның бейуаз азаматтар көп жүретін Раджу көшесінде бомба тиелген көлікпен жасаған шабуылында  қаза тапқандар саны 40 кісіге көбейді. Опасыз шабуылда мерт болғандар арасында 11 бала бар, деп  trt.net.tr порталы жазады.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде террористердің Африн ауданы орталығында бейуаз азаматтар көп жүретін Раджу көшесінде бомба тиелген көлікпен шабуыл жасағаны білдірілді.

Мәлімдемеде:

«Адамгершілік дұшпаны бөлшектеуші террористік ұйымдар YPG/PKK Афринде тағы бейуаздарды нысанаға алды. Африн қала орталығындағы бейуаз азаматтар көп жүретін Раджу көшесінде бомба тиелген көлікпен шабуыл ұйымдастырған террористер алғашқы санаққа қарағанда 11 баланы қамтыған 40 бейуазды қырғындады. 47 бейуаз азамат та жараланды» деп көрсетілді.

Жарылыста төңіректегі ғимараттар зақымдалды, жол жағасындағы көптеген көлік күйреді.

Жарақат алғандар Африн орталық емханасына жеткізілді, өлген адам саны артуы алаң туғызып отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *