Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Францияның Коломб қаласында екі полицейді қағып кеткен лаңкеске айып тағылды

НҰР-СҰЛТАН, 02 мамыр. Францияның Коломб қаласында екі полиция қызметкерін көлікпен әдейі қағып кеткен адамға лаңкестік ісі бойынша айып тағылды.  Бұл туралы лаңкестік істер бойынша прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап  REGNUM хабарлады.

29 жастағы ер адам лаңкестік ой аясында билік өкілдерін өлтіруге әрекет жасады деп айыпталуда. Айыпталушы психиатриялық сараптама нәтижелері бойынша есі дұрыс деп танылды.

Оқиға 27 сәуірде болған, айыпталушы BMW жеңіл автокөлікпен келе жатып, мотоциклмен келе жатқан екі полиция қызметкерін қағып кеткен. Полиция қызметкерлері ауыр жарақат алды, әріптестерінің жанында болған полиция қызметкері зардап шекті.

Ұсталғаннан кейін ер адам полицейлерге шабуыл жасауға көрген бейне жазба түрткі болғанын мәлімдеді. Айыпталушының автокөлігінде пышақ пен қысқаша жазба табылды,онда ер адам «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының идеологиясының (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) жақтаушысы екенін мойындаған. Жауап алу барысында ол радикалды ислам идеяларына қатыстылығын растады.

Сондай-ақ, айыпталушы француз полициясының радикалды ислам идеологиясына қатысы бар адамдар енгізілген деректер базасында тіркелмеген делінген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *