Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Иран Сирия бойынша Астана форматындағы келесі саммитті Тегеранда өткізуге үмітті

НҰР-СҰЛТАН, 04 мамыр. Иран тарабы Астана форматындағы Сирия мәселесін реттеу жөніндегі келесі саммитті Тегеранда өткізуге үміттенеді,  бірақ егер коронавирустың қаупі сақталса, бейнеконференцияны ұйымдастыруға келіседі. Бұл туралы дүйсенбі күні Иран СІМ ресми өкілі Аббас Мусави мәлімдеді,деп ISNA агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

«[Ресей, Иран және Түркия] елдерінің СІМ басшыларының видеоконференциясы барысында тараптар Астана процесінің тұрақтылығын растады. Біз әлемдегі медициналық жағдай қалпына келгеннен кейін қатысушы елдер басшыларының саммиті Тегеранда өтеді деп үміттенеміз, — деп жазады ISNA агенттігі. — Егер коронавирусқа қатысты қолайсыз жағдай жалғасса, онда саммит бейнебайланыс арқылы өткізілуі мүмкін».

Мусавидің айтуынша, «аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке   барлық елдер мүдделілік танытады, бұл процесс Сирия мен аймақтағы жағдайды сақтап қала алатындығына сенімді».

22 сәуірде Иран, Ресей және Түркияның СІМ басшылары Мохаммад Джавад Зариф, Сергей Лавров және Мевлют Чавушоглу телекөпір арқылы кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Астана форматындағы Сирияны реттеу жөніндегі келіссөздердің кезекті раунды Иран аумағында өткізілгенін растады. Сол күні Иран президенті Хасан Роухани телефон арқылы сөйлесу барысында Түркия басшысы Тайып Ердоғанның видео-саммит өткізу идеясын қолдады.

Астана форматындағы келіссөздердің соңғы раунды 2019 жылғы 10-11 желтоқсанда Нұр Сұлтан қаласында өтті. Келесі кездесуді наурыз айында өткізу жоспарланған болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *