Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қызылордалық тұрғын жұмыс орнында есірткі сатқан

ҚЫЗЫЛОРДА, 04 мамыр.  Қызылорда облысы Шиелі ауданында жұмыс орнында есірткі сатқан 47 жастағы тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы прокуратура органдарының бастамасымен жедел-іздестіру шараларын жүргізген болатын. Бұл шара барысында аталған есірткі сатушы құрықталды.

Ол газет қиындысына оралған жасыл түсті өзіне тән ерекше иісі бар ұнтақтарды 2000 теңгеге сатқан. Сараптама қорытындысына сәйкес, газет қиындысына оралған есірткі ептірілген марихуана екендігі анықталды. Оның жалпы салмағы 3,56 граммды құрады.

«Ол азаматтың жұмыс орнын тексеру барысында газет қиындысына оралған 14 дана орама табылды. Сондай-ақ, азаматтың мекен-жайын тінту барысында үйінен 12-дана газет қиындысына оралған есірткіге ұқсас заттар алынды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1 бөлігі және 269 бабының 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *