Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Кашмирде әскери лагерьге жасалған шабуыл салдарынан үш қызметкер қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 05 мамыр. Үндістанның бақылауындағы Кашмир бөлігіндегі содырлармен атыс кезінде үнді қауіпсіздік күштерінің кемінде 3 мүшесі қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды. Бұл ақпаратты бүгін биліктің ресми өкілі растады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі .

Қақтығыс белгісіз қарулы адамдар Купвара округінің Вангам-Казиабад аймағындағы әскери лагерьге шабуыл жасағаннан кейін басталды. Қауіпсіздік органдарының қызметкерлері  шабуыл жасалған кезде осы аймақтағы электр станциясын күзеткені хабарланады.

Атыс кезінде бір содыр жойылды. Қосымша мәліметтер нақтылануда.

БАҚ соңғы ақпараты бойынша, аймақ қоршауға алынды, атыс болған жерге қосымша күштер жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, 3 мамырда Джамму мен Кашмир  одақ аумағында содырлардың  шабуылы кезінде үнді армиясының бес сарбазын өлтірген болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *