Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Шу тұрғынынан 52 келі есірткі заттары табылды

ТАРАЗ, 05 мамыр. Жамбыл облысы Шу ауданы тұрғынының көлігінен 52 келі есірткі табылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

35 жастағы ер адам есірткінің екі түрін өз көлігімен тасымалдаған. 50 килограмнан астам марихуана мен 2 келі гашишті полицейлер Жамбыл облысының Шу ауданында «Лада» маркалы автокөлікті тексеру кезінде тапқан. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Шу қаласының 35 жастағы тұрғыны бұрын есірткі құралдарын аса ірі көлемде өткізу мақсатынсыз заңсыз тасымалдағаны үшін сотты болған. Алайда ол бұл әрекетін жалғастыруды ойлаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған»,-делінген ведомство хабарламасында.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *