Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Көлік полицейлері Жамбыл облысынан марихуана мен гашиш жеткізу арнасын жойды

ҚАРАҒАНДЫ, 06 мамыр. Көлік полицейлері Жамбыл облысынан еліміздің солтүстік аймағына бағыт алған есірткі тасушының жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарағанды” станциясындағы көлік полицейлері жедел іс-шаралар нәтижесінде Балқаш қаласында марихуана мен гашиш есірткілерін жеткізудің ірі арнасын жойды. Солтүстік өңірге бағыт алған есірткі жолы Жамбыл облысынан басталған.

Есірткі жеткізуші Жамбыл облысы Шу ауданының 55 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол 10 келі гашиш сатуды ұйымдастырған. Күдіктіні тінту кезінде оның жол сөмкесінен полиция қызметкерлері тағы 13 келіге жуық есірткі тәркіледі.

Ұсталған адам Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі (адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жаза мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

ІІМ Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Қанат Нұрановтың айтуынша, биыл 4 айда еліміздің көлік полицейлері 160-тан астам есірткі құқық бұзушылығын, оның ішінде 11 есірткі сату фактісі, үш сақтау фактісін және төрт контрабанда фактісін анықтады. Заңсыз айналымнан 19 келіден астам есірткі тәркіленді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *