Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтаймыз!

НҰР-СҰЛТАН, 09 мамыр. «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтайды!

9 мамыр — әрқайсымыздың өміріміздегі ең басты, қасиетті күн. Бұл  халқымыздың өз өмірін аямай Отанын қорғап, Еуропаны фашизмнен азат еткен даңқты батырлардың ерлігі үшін шексіз қуанышы мен мақтанышы күні.Біз олардың ерлігін, борышына деген адалдығын және өз Отанына деген махаббатын мәңгі есімізде сақтаймыз.

75 жыл бойы біз бейбіт аспан астында өмір сүріп, қалалар тұрғызып, егін өсіріп, балаларымызды тәрбиелеп келеміз. Жылдар өтіп, ұрпақтар ауысуда, бірақ біздің халқымыздың Ұлы Жеңісі туралы естелік біздің жүрегімізде сақталады.Осындай ең сұрапыл соғыстардың майдан даласында соғысқан, тылда еңбек етіп, жеңіс қаруын жасағандарға терең құрметпен бас иеміз!

Әрбір адам жанының басты байлығы-ата-бабаларымыз туралы естелік. Өйткені, қайғы-қасірет шекпеген бірде-бір отбасы жоқ.Миллиондаған жауынгер майданға аттанып, мыңдаған адам тылда еңбек етті. Отанығ қорғауға бүкіл халық көтерілді және олар бейбіт өмір сүру құқығын қорғай алды. Олардың ерліктері мәңгі өшпес.

Ұлы Жеңіс күнімен! Аспанымыз әрқашан да ашық болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *