Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мароккалық Касабланкада үш жарым тонна каннабис тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр. Марокко билігі бүгін Касабланка қаласында салмағы 3,5 тонна болатын каннабистың ірі партиясын тәркіледі. Бұл туралы Синьхуа агенттігі елдің полиция басқармасына сілтеме жасап хабарлады .

Мәлімдемеге сәйкес, 106 пакетке салынған тыйым салынған зат жүк көлігінде табылған.

Полиция көлік жүргізушісін және жолаушы әйелді қамауға алды. Екеуі де бұрын есірткі сатқаны үшін сотталған.

Соңғы онжылдықта каннабисті өсірудің жолын кесу бойынша қолға алынған күш-жігерге қарамастан, Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі бюросының мәліметінше, Марокко әлемдегі ең ірі өндірушілердің бірі болып қала береді.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 2019 жылы Марокконың қауіпсіздік қызметі жалпы 179 657 кг каннабис тәркіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *