Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстан билігі тұтқындармен алмасуды тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр. Ауғанстан үкіметі қамаудағы «Талибан» тұтқындарын босатуды тоқтатты. Бұл туралы 11 мамырда АИР-ның Қауіпсіздік Кеңесінің өкілі Джавид Файсал мәлімдеді, деп хабарлайды Kazislam.kz .

Ол «Талибан» қозғалысы қауіпсіздік күштерінің 200 мүшесін босатпағанша, бұдан былай исламшыл тұтқындар босатылмайтынын түсіндірді. Бүгінгі таңда «Талибан» небары 105 адамды босатты, ал Ауғанстан үкіметі 1000 талибанды түрмеден босатты.

Бұған дейін Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі   ел билігі қазіргі уақытта «Талибан» радикалды қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) мың өкілін түрмеден босатты деп хабарлаған.

Тәлібтер Ауғанстан билігінен АҚШ-пен жасалған келісім негізінде бес мың тұтқынды босатуды талап етуде. Ауғанстан үкіметі 1500 тұтқынды біртіндеп босатуға келісті.

Ақпан айының соңында Катарда өткен салтанатта АҚШ пен «Талибан» 18 жылдан астам уақытқа созылған соғыс кезіндегі алғашқы бейбіт келісімге қол қойды, онда шетелдік әскери күштердің Ауғанстаннан 14 ай ішінде шығарылуы және тұтқындармен алмасу келісімінен кейін наурызда ауғанаралық диалогтың басталуы қарастырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *