Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Польшада ИМ қатарына тартты деген күдікпен төрт Тәжікстанның азаматы ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр. Польша билігі азаматтарды қарулы шабуыл жасауға үгіттеді деген күдікпен төрт тәжік азаматын ұстады, деп centralasian.org хабарлайды. 

Билік өкілі Станислав Зариннің 11 мамырда хабарлауынша, төрт тәжік азаматы Польшадан шығарылып, оларға Шенген аумағына кіруге тыйым салынады.

Зариннің айтуынша, 7 мамырда ұсталған күдіктілер «Ислам мемлекеті» террористік тобына «еліктеген», бірақ олар бұл ұйымның мүшесі емес. Тәжікстанның төрт азаматына қатысты деректерді Польшаның ішкі қауіпсіздік агенттігі жинаған.

Бұған дейін «Ислам мемлекеті» ұйымына қатысы бар тәжік азаматтары Албания мен Германияда ұсталғаны хабарланған. 15 сәуірде неміс билігі шабуыл ұйымдастырды деген күдікпен төрт азаматты ұстағанын мәлімдеді. Олардың екеуі Албанияға тапсырыспен кісі өлтіруге барған деген болжам айтылды. Екі аптадан соң албан билігі «ИМ» ұйымына қатысы бар деген күдікпен бір тәжік азаматы ұсталғанын хабарлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *