Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанда сейсенбі күні болған екі шабуылдан ондаған адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр. Кабулдағы перзентханаға жасалған қарулы шабуыл салдарынан кем дегенде 11 адам қаза тапты, олардың арасында балалар бар. Сол күні, 12 мамырда, Награрхар провинциясының Кхева ауданында жерлеу рәсімі кезінде бір жанкешті шабуылынан 24 адам қаза тапты, шамамен 70 адам жараланды.Бұл туралы centralasian.org хабарлайды. 

Кабулдың батысында, шиіттер тұратын ауданда, перзентханаға шабуылдаған экстремистер мен үкімет күштері бірнеше сағат бойы атысты. Ауғанстан ішкі істер министрінің мәлімдеуінше, шабуылдан 14 адам қаза тапты, олардың арасында жаңа туған сәбилер бар. 15 адам жараланған.

Атыс кезінде үш содырдың көзі жойылды. Шабуылға ұшыраған пезентханада 80 әйел жатқан.

Куәгер Джавад Амиридің айтуынша, содырлардың бірі әскери киіммен жүрген, қалған екеуі медициналық киімде болған. Олар перзетханадағы адамдарды атқан.

Ауған билігінің ресми өкілінің мәлімдеуінше, перзентханаға «Шекарасыз дәрігерлер» гуманитарлық ұйымы көмек көрсетіп келген.

«Талибан» қозғалысының өкілдері бұл шабуылға қатысы жоғын мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *