Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қызылорда облысының тұрғынынан ірі мөлшерде гашиш пен марихуана табылды

ҚЫЗЫЛОРДА, 15 мамыр. Қызылордалық полицейлер ірі мөлшерде есірткі затын заңсыз сатқан облыс тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі затын заңсыз сатқан 43 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Оның үйіне жүргізілген тінту барысында газет қиындыларына, дәптер парақтарына оралған және пластиктен жасалынған бөтелкелерге салынған жасыл түсті өсімдік шөптері және ұнтақтары анықталып, айғақ заттар ретінде алынды.

Сараптама қорытындысы бойынша ерекше иісі бар заттар 943,36 гр. “гашиш” және 156,61 гр “кептірілген марихуана” екендігі анықталды.

Бүгінгі күні күдікті уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу аса iрi мөлшердегі есірткі) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *