Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Египетте арнайы операция кезінде жеті лаңкес жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр. Египет әскері арнайы операция кезінде Солтүстік Синай мухафазында жеті лаңкесті жойды. Бұл туралы ел армиясының жұма күні жарияланған мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі хабарлады .

Әскерилер Солтүстік Синай мухафазындағы фермалардың бірінде содырлардың паналайтын орындары бар екендігі туралы ақпарат алып, рейд жүргізгені туралы хабарланған. Атыс кезінде бір лаңкес  жойылып, тағы алтауы қашып кетпек болған жерінде өлтірілді.

Мәлімдемеде әскерилер автокөлік пен үш әскери мотоциклді, сондай-ақ қару-жарақ, оқ-дәрілер, жарылғыш құрылғылар, ұялы телефондар мен басқа да байланыс құралдарын тәркілегені атап өтілді.

Соңғы жылдары Египет терроризммен күресте қиын жағдайға тап болды. 2019 жылдың басынан бері елдің қауіпсіздік күштері көптеген рейдтер өткізіп, 100-ден астам содырды жойды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *