Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Украина терроризмге күдіктіні Грузияға тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр. Украина терроризмге күдікті Әл Бара Шишани лақап атымен белгілі Гзузия  елінің азаматы Цезарь Тохосашвилиді отанына жіберді , деп хабарлады Грузия Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.

 «Терроризм үшін айыпталып, Интерполмен іздестірілген Грузия азаматы Цезарь Токосашвили (Әл Бара Шишани) Украинадан Тбилиси халықаралық әуежайына экстрадицияланды», — делінген хабарламада.

Тохосашвили Украинаның арнайы қызметімен 2019 жылдың 12 қарашасында ұсталған.

Грузия арнайы қызметтерінің хабарлауынша, Шишани 2015 жылы Сирияға барып, ол жерде «Ислам мемлекеті» тобына (ҚР қызметі тыйым салынған ұйым) қосылды. Ол тағы бір грузиндік иммигрант — топтың «әскери министрі» Әбу Умар аш-Шишани деп белгілі Тархан Батирашвилимен тығыз байланыста болған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *