Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қытайдың оңтүстік-батысында манго қораптарынан метамфетамин табылды

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясының полициясы седанның жүксалғышындағы үш манго қорабына салынған метамфетаминді тәркіледі, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.

Мьянма шекарасындағы Юньнань провинциясының Жуйли Дэхун-Дай-Качинский автономиялық округіндегі қара седанның жүксалғышынан табылған есірткінің жалпы салмағы 9,72 кг құрады. Седан 11 мамыр күні  жергілікті уақытпен сағат 20:40 шамасында шекара бекетінде ұсталды.

Шекара полициясы есірткіні тәркілеу кезінде екі күдіктіні ұстады. Тергеу жалғасуда. Юньнань есірткі бизнесіне қарсы күресте Қытайдың негізгі шебі болып табылады, өйткені бұл аймақ есірткі бизнесінің «алтын үшбұрышына» кіретін Лаос, Мьянма және Таиландпен шектеседі.Қытайда ұсталған барлық есірткінің 80% -ы осы жерде тәркіленеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *