Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ИМ содырлары Сирияның шығысында үкімет күштерінің жеті сарбазын өлтірді

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр. «Ислам мемлекеті» содырлары дүйсенбі күні Сирияның шығысындағы Дейр-эз-Зор шөлді аймағында үкімет күштерінің жеті сарбазын өлтірді. Бұл туралы Лондондағы «Сириялық адам құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу орталығы» ұйымының мәлімдемесіне сілтеме жасап  Синхуа ақпарат агенттігі хабарлады.

Оның ақпараты бойынша, жеті адам Хомс провинциясындағы Дейр-эз-Зор ауылы мен Эс-Сухне қаласы арасындағы аймақта өлтірілді.

Кісі өлтіру ИМ (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) Дейр-эз — Зор  мен Сирияның астанасы — Дамаскті байланыстыратын жолды жауып тастағаннан кейін бірнеше сағат өткен соң орын алды.

Мониторинг орталығының хабарлауынша, Сирия армиясы бұл аймаққа қосымша күштерін жіберген .

«Ислам мемлекеті» тобы Сирияның шығысы мен солтүстігінде маңызды аймақтарды жоғалтты, бірақ ол әлі күнге дейін елдің шығысындағы шөлдің бір бөлігін бақылауда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *