Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҰҚКД каннабистың элиталық сортын өсіріп келе жатқан Нұр-сұлтан тұрғыны ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр. 2020 жылғы 14 мамырда ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қ. бойынша департаменті ҚР ҰҚК Орталық аппаратымен бірлесіп, құрамында есірткі зат бар өсімдіктерді «гидропоника» әдісімен заңсыз егіп-өсіруге қатысы бар «А» деген азаматты ұстады, деп ҚР ҰҚК ресми сайты хабарлайды. 

Тінту барысында каннабис элиталық сортының түптері (көкнәр, нарықтық құны 4,5 млн. теңге шамасында), ауа ылғалдатқыш, арнайы қыздыру шамдары, желдету жүйесі, сондай-ақ кептірілген каннабис жапырақтары, электрондық таразы мен орау материалы алынды.

Осы факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.

Алынған заттар бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *