Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нұр-Сұлтанда героиннің  200 дозасы бар 35 жастағы азамат ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр.Елордада есірткіні тарату арнасын тежеуге бағытталған шара барысында бұрын сотталған 35 жастағы ер адам ұсталды. Тінту кезінде одан 200 дозадан тұратын 60 г героин тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол есірткіні елорда аумағына сатпақ болған. Тәркіленген көкнәрдің қара нарықтағы бағасы — 800 мың теңге.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 279-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта күдікті Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы басқармасы жыл басынан бері синтетикалық есірткімен байланысты 55 қылмысты анықтады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *