Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өзбекстанда ауласына апиын өсірген  қария ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр. Бұхара облысының Шафиркан ауданында ауласына апиын және каннабис (қара қурай) өсіріп келген жергілікті тұрғын ұсталып, оған қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы облыстық ішкі істер басқармасына сілтеме жасап centralasian.org хабарлады.

80 жастағы тұрғынның үйіне тінту жүргізіліп, 300 шаршы метр жерде өсіп жатқан 2524 түп апиын және 4 түп қара қурай табылған.

Тергеу кезінде үй иесі 19 келі өнім алып, оны сатқысы келгенін мойындаған.

19 мамырда Самарқанд облысының Жамбай ауданында да апиын өсіру айыбымен 96 жастағы жергілікті тұрғын қамауға алынған. Тексеру кезінде оның қорасынан 122 түп апиын табылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *