Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанның екі провинциясындағы жарылыстардан он адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 03 маусым. Ресми тұлғалардың мәліметінше, дүйсенбі және сейсенбі күні  Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз және Сари-Пул провинцияларында жол бойындағы екі бомба жарылып, 10 адам қаза тауып, тағы 10-ы жарақат алды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі .

Кундуз провинциясының Ханабад ауданың басшысы Хаятулла Амири Синьхуа агенттігіне  «Талибан» бақылауындағы аймақтан өтіп бара жатқан 13 бейбіт тұрғыны бар көлік бомбаға жарылып, жеті адамның өмірін қиғанын және алты адамның жарақаттағанын айтты.

Сари-Пул провинциясы полициясының ресми  өкілі Нур Ага Ахай Фаизи журналистерге 2 маусым күні  облыстың әкімшілік орталығында жол бойындағы шминаға микроавтобус жарылып, үш адам қаза болып, төрт адам жарақат алғанын айтты.

Екі шенеунікке де бомбаларды «Талибан» содырлары (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) салды дейді, бірақ қозғалыс бұл оқиғаларға әлі түсінік берген жоқ.

«Талибан» қозғалысының содырлары ауған қауіпсіздік күштері мен халықаралық коалиция мүшелеріне қарсы жол бойындағы бомбаларды жиі қолданады, соның салдарынан бейбіт тұрғындар арасында үлкен шығындар болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *