Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркияның шығысында аса қауіпті лаңкес жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 04 маусым. Түркияның қауіпсіздік күштері TKP / ML лаңкестік ұйымының мүшесі Хасан Аташты жойды, деп республиканың ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі жазады.

Ақпаратқа сәйкес, арнайы операция Түркияның шығысындағы Тунджели провинциясының Оваджык аймағында жүргізілді.

«Шерзан» деген кодты атымен белгілі Хасан Аташ Түркия ІІМ іздеуде жүрген лаңкестердің «қызғылт сары тізіміне» енгізілген .

Оны ұстағаны үшін билік 1 млн түрік лирасына жуық қаржылай сыйақы тағайындады.Оның жанынан Калашников автоматы мен екі қол гранатасы табылған.

Аймақта лаңкестікке қарсы операциялар жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *