Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Грузияда Фетуллах Гюленнің тағы бір мектебі лицензиясынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым. Грузиядағы білім сапасын дамытудың ұлттық орталығы Фетуллах Гюлен басқаратын «Параллельді мемлекет» (FETÖ) лаңкестік ұйымының қолдаушылары құрған Шота Руставели атындағы бастауыш мектебі мен лицейінің лицензиясынан айырды. Бұл туралы Анадолу агенттігі хабарлады .

Рустави қаласында жұмыс істейтін білім беру мекемесінің лицензиясы инфрақұрылым мен жылдық оқу жоспарының Грузия мемлекеттік стандарттарына сәйкес келмеуіне байланысты қайтарып алынды.

Лицензияны қайтарып алу туралы шешім мамыр айында қабылданды, бірақ комиссияның ресми үкімі тек маусымда жарияланды.

Пандемияға байланысты бейнеконференция арқылы өткен отырыста комиссияның 11 мүшесінің барлығы мекеменің лицензиясын қайтарып алуға дауыс берді.

Осылайша, Грузиядағы Фетуллах Гюленді қолдаушылардың оқу орындарының саны жетіден үшке дейін азайды.

Түркияның қарулы күштерінің  бір топ әскерилері, Гюленнің лаңкестік ұйымына қатысушылары 2016 жылғы 15-16 шілдеге қараған түні Түркиядағы билікті қарулы түрде басып алуға әрекет жасады. Хунтаның әрекеті ел басшылығы мен құқық қорғау органдарының, сондай-ақ қарапайым азаматтардың іс-қимылдарының арқасында тоқтатылды. 251 адам қаза тапты.

Фетуллах Гюлен халықаралық іздеуде, Түркия Америка Құрама Штаттарынан экстрадициялауды сұрап жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *