Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БҰҰ Бас хатшысы Малиді қолдауды жалғастыруға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым. Мали саяси тұрақтылыққа қол жеткізу үшін әрекет жасап жатыр, бірақ әлі де терроризм және COVID-19 эпидемиясы сияқты көптеген қиындықтарға кезігеді. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеді. Ол халықаралық қауымдастықты осы елге қолдау көрсетуді жалғастыруға шақырды, деп жазады Синьхуа агенттігі .

«Саяси тұрғыдан тұрақты және қауіпсіз Малиді құру үшін, біздің ұжымдық және осы іске деген тұрақты ниетіміз және Малидегі БҰҰ-ның көп салалы кешенді миссиясының (МИНУСМА)  тұрақты қолдауы қажет», —  деді ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Мали мәселесіне арналған бейнеконференциясында.

Бас хатшының айтуынша, лаңкестік және қылмыстық ұйымдар Малиде өз әрекеттерің кеңейтуде. Жақында елдің орталық бөлігінің Мопти аймағында болған шабуыл кем дегенде 100 адамның өмірін қиды.

А.Гутерриш Мали үкіметінің дағдарысты еңсерудегі күш-жігерін жоғары бағалады, бірақ билікті одан да батыл шаралар қабылдауға шақырды.

Сондай-ақ, әлемдік ұйымның басшысы кездесу қатысушыларын Мали үкіметі мен екі қарулы топтың 2015 жылы қол жеткізген бейбітшілік келісімінің орындалу барысымен таныстырды.

А.Гутерриш барлық тараптарды өзара сенімді нығайтуға және «саяси тұрақтылыққа қол жеткізудің және неғұрлым қауіпсіз Малиді құрудың жалғыз жолы» болып табылатын бейбітшілік процесін ілгерілету үшін күш біріктіруге» шақырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *