Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Пәкістанның шығысындағы провинциясында жарылыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым. Пәкістанның шығысындағы Пенджаб провинциясының Равалпинди қаласындағы базарда  жұма күні кешке жарылыс болды, салдарынан бір адам қаза тауып тағы 11 жарақат алды, деп Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлайды.

Жергілікті полициядағы дереккөздің хабарлауынша, жарылыс салдарынан бір саудагер қаза тапты, тағы 11 адам, оның ішінде саудагерлер мен жолаушылар жарақат алып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Оның айтуынша, жарылыс болғаннан кейін оқиға орнына полиция мен құтқарушылар көмек көрсету үшін келіп, аймақты қоршап алған. Алдын ала тергеу бойынша, жарылғыш зат жолдың бойында тұрған мотоциклге қойылған.

Әзірге болған оқиға үшін жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 11 маусымда Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы жарылыста кемінде екі пәкістандық әскери қызметкердің қаза тапқаны, тағы екі адамның жараланғаны туралы хабарланған болатын. Содан кейін патруль көлігі Ауғанстанмен шекарада орналасқан Солтүстік Вазиристан ауданында қолдан жасалған жарылғыш затпен жарылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *