Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанның солтүстігіндегі діни мектепте болған жарылыстан жеті адам қаза болды

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым. Бейсенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Тахар провинциясының Ишкамыш ауданындағы діни мектепте бомбаның жарылуы салдарынан кемінде жеті адам қаза тауып, тағы сегізі жарақат алды. Бұл туралы провинция полициясының ресми өкілі Абдул Халил Асирге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.

Оның айтуынша, жарылыс түскі сағаттарда болған. Жарылыс салдарынан жеті адам оқиға орнында қаза болды, тағы сегізі жарақат алды, олардың кейбірінің жағдайы ауыр.

Оқиға бойынша тергеу басталды, деп хабарлады шенеунік.

Болған оқиға үшін бір де бір топ жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *