Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Марокко полициясы 7,2 тоннадан астам марихуана тәркіледі

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. Бейсенбі күні Марокко полициясы екі операция барысында 7,2 тонна марихуананы тәркіледі. Бұл туралы Патшалықтың ұлттық қауіпсіздігінің бас басқармасына сілтеме жасап Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады .

Мәлімдемеге сәйкес, полиция Эль-Джадид портты қала маңында көліктен 5 тонна марихуана тауып алып, бір адамды ұстады. Тағы бір операция барысында тәртіп сақшылары елдің солтүстігіндегі Фес қаласының маңындағы фермада 2,2 тонна марихуана тәркіледі, екі адам қамауға алынды.

Еске сала кетейік, Марокконың кейбір аудандарында қарасораны заңсыз өсіруге байланысты күрделі жағдай туындайды. Соңғы онжылдықта полиция құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге  және есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейтті,  ірі мөлшерде марихуананы тәркілеп алды. Мароккалық марихуананың көп бөлігі Еуропаға контрабандалық жолмен өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *