Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҚР ҰҚК: Лаңкестік әрекет аймағында 90 қазақстандық қалып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. Лаңкестік әрекет аймақтарындағы қазақстандықтардың саны 114-тен 90-ға дейін азайды, деп хабарлайды  inbusiness.kz  Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап.

«Мәліметтер бойынша, лаңкестік белсенділік аймақтарында қалған республиканың ересек азаматтарының саны (бұрын 114 қазақстандық туралы мәлімделді. –ИФ-Қ) 90 адамға дейін қысқарды, оның ішінде 37 ер адам мен 53 әйел адам», — делінген агенттіктің сауалына берген ҰҚК-нің жауабында.

«Олардың санының азаюы соғыс қимылдарында қайтыс болудың расталуы және Қазақстанға оралуымен байланысты», — деп нақтылады мекемеде.

Сонымен қатар «осы жылдың басынан бастап екі ер адам және үш әйел, және олардың алты баласы, елге өз еркімен оралды немесе шетелде ұсталып, біздің елге берілді» деп ҰҚК мәлімдеді.

«Осылайша, Қазақстан азаматтарын лаңкестік әрекет аймағынан шығару шаралары жалғасуда», — деп ҰҚК қорытындылады.

Ақпан айында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков Қазақстанның 114 азаматы шетелде (Сирия, Ирак, Ауғанстан) қарулы қақтығыс аймақтарында қалғанын хабарлады. «Жусан» гуманитарлық операциясының аясында 2019 жылы Сириядан отанына 595 қазақстандық қайтарылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *