Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жаңаөзенде иісшіл иттің көмегімен 400 грамм марихуана есірткі заты бар қала тұрғыны ұсталды

ЖАҢАӨЗЕН, 27 маусым. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында иісшіл иттің көмегімен есірткімен жүрген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 24 маусым күні шамамен сағат 19.30-да болды.

«Рахат» жедел алдын алу шарасы барысында полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, 5548-әскери бөлімінің маман кинологы, кіші сержант Асан Абдукәрім «Детектив» деп аталатын иісшіл итінің көмегімен тұрғынның жол сөмкесінен 400 грамм марихуананы тапты.

Қолға түскен адам Жаңаөзен қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.

Көрсеткен қырағылығы мен кәсіби қызметі үшін А.Абдукәрім бөлім командирімен ынталандырылды.

«Детективтің» Ұлттық ұланда жүргеніне бес жылдан асты. Осы мерзімде иесімен бірге кинологиялық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды, сондай-ақ сарбаздарға қылмысты ашуға жәрдемдесіп келеді.

Аталған әскери бөлімде арнайы үйретілген 10 ит бар. Оларды есірткі және жарылғыш заттарды іздестіруге, патрульдік қызметке, қылмыскерлердің ізіне түсіп, қоғамдық тәртіпті сақтауға пайдаланады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *