Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Павлодарда тұрғын үйде бомба бар деп әзілдеген жасөспірім ұсталды

ПАВЛОДАР, 02 шілде. Павлодарда бомба туралы жалған хабар таратқан 15 жастағы бала ұсталды, деп 24.kz хабарлайды. 

Жасөспірім жедел басқару орталығына хабарласып, тұрғын үйде жарылғыш зат бар деп хабарлаған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жетті. Тексерістен соң тұрғын үйден бомба табылған жоқ. Дегенмен, көпқабатты үй тұрғындарын дүрліктірген. Салдарынан 30-дан астам тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды. Ал жасөспірім «әзілдегім келді» деп ақталған.

«Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273 бабы бойынша тергеу басталды. Өңір полицейлері жалған хабар тарату қылмыстық жауапкершілік екенін ескертеді. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жасөспірімнің ата-анасымен профилактикалық әңгіме өрбітті. Түсініктеме жұмысын жүргізді», — деді облыстық ПД ресми өкілі Жанна Белялова. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *