Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ташкентте халықаралық лаңкестік ұйымның 11 мүшесі ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 02 шілде. 30 маусымда Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі, Ташкент Ішкі істер бас басқармасы мен Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Ташкент пен облыста  «Тавхид ва жиход катибаси»* халықаралық лаңкестік ұйымның мүшелерін ұстады.Бұл туралы Өзбекстанның Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан хабарлады.

Өзбекстан ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмыстық іс аясында елорданың Алмазар және Шайхантахур аудандарындағы сегіз мекен-жайда тінту жүргізген. Нәтижесінде 11 адам ұсталып, жауап алуға жіберілді.

 «Бар ақпаратқа сәйкес, бұл адамдар  Сириядағы  «Тавхид ва жиход катибаси»*  халықаралық лаңкестік ұйымның қатарында әрекет ететін содырлардың ықпалына түсіп, Ташкентте жасырын топ құрған. Олар өздерінің заңсыз кездесулерінде интернеттен жүктелген экстремистік сипаттағы бейнелерді талқылаған, «хижрат» және «жиһад» жасау мақсатында Сирия Араб Республикасына баруды жоспарлаған», — делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Тәртіп сақшылары ұсталған лаңкестердің үйлерінен заттай айғақтар тапты.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін елорда жүргізілген рейд кезінде  23 лаңкес ұсталған болатын. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің айтуынша, бұл адамдар бүгін Сирияда жүрген Өзбекстан азаматы А. Абдукаххаровтың ықпалына түскен.

 

* «Тавхид ва жиход катибаси» («Монотеизм және жиһад») – Өзбекстан мен Ресейде тыйым салынған халықаралық лаңкестік ұйым.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *