Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БҰҰ Бас хатшысы пандемия жағдайында лаңкестік қауіптің өсуі туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 04 шілде. Кейбір лаңкестік топтар пандемияны өздерінің тактикалық артықшылығы деп санайды, өйткені мемлекеттердің назары коронавирустың таралуына қарсы күреске бағытталған, деп мәлімдеді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің коронавирустық пандемия жағдайында бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау туралы видеоконференциясында сөйлеген сөзінде, деп 2 шілде күні ТАСС хабарлады. 

Оның айтуынша, кейбір аймақтарда «қақтығыс тараптары, оның ішінде лаңкестік және экстремистік топтар — пандемиядан туындаған тұрақсыздықты тактикалық артықшылық деп санайды».

Сомалиде «Аш-Шабаб» исламистік лаңкестік тобы шабуыл жасауды жалғастыруда және коронавирустың таралуы олардың жиілігіне еш әсер етпеген, деді ол.

 «Сонымен қатар,  қауіпсіздік күштері пандемияға назар аударуға мәжбүр болған кезде «Аш-Шабабтың» зорлық әрекеттерінің кеңейу қаупі бар», — деп ескертті Бас хатшы.

Сонымен қатар, «кейбір елдерде бейбітшіліктің тиянақсыз процестері дағдарыс кезінде бұзылуы мүмкін, әсіресе халықаралық қоғамдастықтың назары олардан ауытқып кетсе», — деді Гутерриш. «Мысалы, Дарфурда пандемия және басқа да қиындықтар Джуба бейбітшілік процесін аяқтау үшін дедлайнның бірнеше рет ұзартылуына әкелді» деді ол.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *