Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

СҚО-да жыл басынан заңсыз айналымнан 175 кг аса түрлі есірткі алынды

ПЕТРОПАВЛ, 04 шілде. Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 20 мыңнан аса доза синтетикалық есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде болған брифингте сөз сөйледі. Брифинг Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде көрсетілді.

Жандос Басыбаевтың айтуынша, адам ағзасына жойқын залал келтіретін синтетикалық есірткілердің таралуы бүгінгі таңда үлкен алаңдатушылық тудыруда. 11 қаңтардан заңнамаға өзгерістер енгізілді, енді интернет-дүкендердің басшылары және есірткіні жасырып кететіндер, жарнама таратушылар да қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Осы күнге дейін ауқымды жұмыс атқарылды. СҚО полицейлері төрт веб-дүкеннің жұмысын әшкереледі, ұйымдастырушылар мен таратушылар ұсталып, сотқа тапсырылды, сондай-ақ жедел тексеріс жүргізілуде. Заңсыз айналымнан 1 кг 253 гр. синтетикалық есірткі алынды, бұл 20 мыңнан аса доза. Тек бір жағдайдың өзінде ұсталған Интернет-дүкеннің иесі мен әкімшісінің үйін тексеру кезінде 10 мың дозадай 572,54 гр. синтетикалық препарат алынды. Бұдан бөлек, жыл басынан полицейлер ҚР аумағында сайттардың жұмысын бұғаттау үшін ІІМ-ге 26 сайт атауын жіберді. Жыл басынан синтетикалық есірткіге байланысты 36 қылмыстық іс тіркелді.

Жалпы облыста қаңтар айынан есірткі заттарының айналымы саласында 103 бұзушылық тіркелді. Олардың ішінде сату фактілері – 27, контрабанда – алты, аса ірі мөлшерде сақтау – сегіз және бір жарнама фактісі. Заңсыз айналымнан 175 кг аса түрлі есірткі алынды. Оның басым бөлігі марихуана – 126 кг асады. Сондай-ақ, 348 гр аса героин тәркіленді.

Сондай-ақ, Басыбаев есірткі саудалайтын веб-сервистердің жарнамасы – есірткі граффитиіне қарсы күресте қол ұшын созатын облыс тұрғындарының рөлін атап өтті.

«Белсенділік танытқандарына алғыс білдіремін.  WhatsApp +7-707-500-96-65 нөмірінде чат құрылды, онда граффитидің мекенжайы көрсетілген фотоны жіберуге болады. ПИК төрағалары өздерінің аумағындағы жазуларды уақтылы бояуда. Бұдан бөлек, жастарымыздың қосқан үлесін атап өткім келеді. “Қамқор” клубының және СҚО Іздеу жасағының еріктілері 223 жазуды бояды», — деді Басыбаев. 

СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері есірткі қылмыстарын ашу және болдырмау жұмысымен қатар, нашақорлықтың алдын алу жұмысын да жүргізеді. Алдын алу жұмысы мүдделі қызметтермен, жұртшылықтың белсенді бөлігімен бірлесе тұрақты түрде жүзеге асырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *